Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 117 бұйрығы
(2026.05.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісінде ресми жариялау үшін электронды түрде жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жіберу.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры | Б. Асылов |
ҚР Бас Прокурорының 2026.05.02. № 22 бұйрығымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2025 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 117 бұйрығына қосымша/
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің
тізбесі
| Р/с № | Ақпараттық жүйе мен интернет-ресурстың атауы | Электрондық ақпараттық ресурстар | Ақпараттық жүйе мен интернет-ресурстың иесі |
| 1 | 2 | 3 | 4 |