Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысы
(2022.24.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018.20.03. № 7-НҚ нормативтік қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018.20.03. № 7-НҚ нормативтік қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Есеп комитетінің Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төрағаның міндетін атқарушы | А. Мұхаметкәрім |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б.Сұлтанов
2015 жылғы 28 желтоқсан
Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 23-н/қ нормативтік қаулысымен
бекітілген