Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 389 бұйрығы
(2024.21.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің 2024.03.09. № 310 бұйрығымен кіріспе жана редакцияда (2024 ж. 21 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеінің 15-тармағының 321-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: