Введите номер документа
Прайс-лист

«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 690 Қаулысы (2022.26.01. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датавторник, 31 октября 2017
Статус
Действующийвведен в действие с 31 октября 2017
Дата последнего изменениясреда, 26 января 2022

«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 690 Қаулысы

(2022.26.01. берілген өзгерістермен)

 

«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі туралы ереже;

2) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесінің құрамы бекітілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы 31 қазандағы

№ 690 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерін (бұдан әрі - инновациялық кластер) дамыту және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында инновациялық кластерді басқаруды жүзеге асырады.

2. Кеңес қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 

 

2. Кеңестің негізгі функциялары

 

3. Кеңестің негізгі функциялары:

1) инновациялық кластерді дамытудың стратегиялық міндеттерін айқындау;

2) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де функциялар болып табылады.

 

 

3. Кеңестің құқықтары

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами