Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 Қаулысы (2025.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датапятница, 6 января 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 6 января 2023
Дата последнего изменениявторник, 30 декабря 2025

Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 Қаулысы

(2025.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 10-бабының 5-тармағына және 18-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 6 қаңтардағы

№ 10 қаулысына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң регламенті

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) алқалы орган болып табылады, атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді.

2. Үкімет қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, заңдармен өзге де нормативтік құқықтық актілермен және осы Регламентпен реттеледі.

3. Үкімет жұмысының негізгі қағидаттары:

1) мәннің нысаннан басымдығы - нақты және өлшенетін нәтиженің оған қол жеткізу жөніндегі жұмыс нысанынан басым болуы;

2) әдепкі қалпы бойынша цифрландыру - мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен және бір-бірімен цифрлық форматта жан-жақты өзара іс-қимыл жасауының басымдығы;

3) басқарушылық жауапкершілік - нақты басшының құзыреті аясына кіретін шешімдерді қабылдау мен мәселелерді келісуді жоғары тұрған деңгейге және алқалы органдарға беруге жол берілмейтіні;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом