Введите номер документа
Прайс-лист

«Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 902 бұйрығы (2025.27.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датапонедельник, 24 декабря 2018
Статус
Действующийвведен в действие с 26 января 2019
Дата последнего измененияпонедельник, 27 января 2025

Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 902 бұйрығы

(2025.27.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.25.07. № 548 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022.09.12. № 702 бұйрығымен (2022 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Мыналар:

1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты «Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы», Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы автомобиль жолының «Астана - Теміртау» 1291 + 335 километр (бұдан әрі - км) - 1425 + 422 км учаскесі (бұдан әрі - ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылады;

2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: «Астана - Қабанбай батыр - Энтузиаст - Киевка - Темiртау» республикалық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолы;

3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті - 1291 + 335 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті - 1425 + 422 км;

4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы - І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр;

ақы алу пункттері орындарында автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,00 метр;

ақы алу пункттері орындарында жүріп өтудің шеткі оң жақ белдеуінің ені - кемінде 6,0 метр және габаритті емес көліктің жүріп өтуіне арналған;

автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта 4 белдеу;

6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы - 134 км 87 метр;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом