Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 наурыздағы № 180 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 18 наурыздағы
№ 180 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 871 қаулысы.
2. «Абай облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 63 қаулысы.
3. «Ақмола облысының Степногорск қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 610 қаулысы.
4. «Қостанай облысының Лисаков қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 735 қаулысы.
5. «Қостанай облысының Жітіқара қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 736 қаулысы.
6. «Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 737 қаулысы.