Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАТЫН ТЕГІН МЕД...

Информация о документе
Датапонедельник, 21 августа 2017
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 21 августа 2017

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығы

(2017.21.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 7 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.31.08. № 765 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.21.08. № 627 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.31.08. № 765 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.21.08. № 627 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесі бекітілсін.

 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.А. Біртановқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Ж. Досқалиев

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом