Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 16 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 13 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14431 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 6 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2020 жылғы 28 қаңтардағы