Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ ТУР...

Информация о документе
Датасреда, 30 июля 2025
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 30 июля 2025

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 Қаулысы

(2025.30.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2025 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылған редакция

 

ҚР Үкіметінің 2023.16.03. № 219 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Кинематография туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.

ҚР Үкіметінің 2023.16.03. № 219 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2025.30.07. № 576 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мыналар:

1) қызметінің негізгі нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға фильмдерді қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде отыз пайызы мөлшеріндегі мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінетін қаражатты қоспағанда, ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауды ұсыну;

2-тармағының 2) тармақшасы 2025 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады

2) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу;

3) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

3. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының балансындағы республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.

4. ҚР Үкіметінің 2024.11.11. № 952 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. ҚР Үкіметінің 2024.11.11. № 952 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом