«Салалық біліктілік шеңберлерін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөніндегі жобалау тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 153 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 114 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 385 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салалық біліктілік шеңберлерін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөніндегі жобалау тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 153 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген салалық біліктілік шеңберлерін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөніндегі жобалау тобының құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің м.а. | Е. Қарашөкеев |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 31 наурыздағы
№ 114 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2022 жылғы 12 мамырдағы
№ 153 бұйрығына қосымша
Салалық біліктілік шеңберін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу
жөніндегі жобалау тобының құрамы
| Бекбауов Бағлан Әбдашымұлы | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, жобалау тобының басшысы |
| Қосқараева Шарбан Сапарқызы | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ғылыми қамтамасыз ету басқармасының басшысы |
| Тлебалдин Олжас Батырханұлы | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Өңірлерде АӨК-ні дамыту және кооперация басқармасының басшысы |