Аумақтық қорғаныс саласында тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу ережесімен оның нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 1237 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу ежересі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аумақтық қорғаныс саласында тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Аумақтық қорғаныс департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.