«2025-2026 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № А-6/290 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 31 қазанда № А-11/564 Қаулысы
Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2025-2026 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № А-6/290 қаулысына өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы | Е. Рамазанов |
Ақмола облысы әкімдігінің
2025 жылғы 31 қазандағы
№А-11/564 қаулысына
1-қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2025 жылғы 30 мамырдағы
№А-6/290 қаулысына
1-қосымша
2025-2026 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға арналған
мемлекеттік білім беру тапсырысы
| Мамандықтың коды және атауы | Гранттардың саны (күндізгі оқу нысаны бойынша) | Қалалық жерде оқу жылы ішінде бір білім алушыны оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (мың теңге) | Ауылдық жерде оқу жылы ішінде бір білім алушыны оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (мың теңге) |
| 2025 жылғы 4 айға | 2026 жылғы 8 айға | 2025 жылғы 4 айға | 2026 жылғы 8 айға |
| 01 Білім |
| 01140200 «Музыкалық білім беру» | 30 | 415,8 | 838,1 | 485,7 | 978,0 |
| 01140700 «Информатика» | 81 | 160,3 | 327,2 | 175,8 | 358,2 |
| 01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» | 269 | 160,3 | 327,2 | 175,8 | 358,2 |
| 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» | 185 | 160,3 | 327,2 | 175,8 | 358,2 |
| 01140500 «Дене тәрбиесі және спорт» | 186 | 160,3 | 327,2 | 175,8 | 358,2 |