Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 3 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1, 2, 3-тармақтарына, 29-бабының 3-тармағына және 33-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарында конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының лауазымдарына конкурстан тыс орналасу қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылданатын үміткерлерді іріктеу және алдын ала зерделеу қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;