Ұсталған тауарларды өткізу, жою немесе өзге де пайдалану, сақтау жөніндегі шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден түсетін сомаларды қайтару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 567 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 592 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 237-бабының 5-тармағына, 240-бабының 2-тармағына және 241-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұсталған тауарларды өткізу, жою немесе өзге де пайдалану, сақтау жөніндегі шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден түсетін сомаларды қайтару қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
« » 2015 жыл
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 17 қарашадағы
№ 567 бұйрығымен
бекітілген
Ұсталған тауарларды өткізу, жою немесе өзге де пайдалану,
сақтау жөніндегі шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден
түсетін сомаларды қайтару
қағидалары
1. Жалпы ережелер