Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 30 қазандағы № 650 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 175-бабының 17-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондықбақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы | Е. Біржанов |
Қазақстан Республикасы
Қаржы минитрінің
міндетін атқарушының
2025 жылғы 30 қазандағы
№ 650 бұйрығымен бекітілген
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 175-бабының 17-тармағына сәйкес әзірленді және акциз бекеттерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік кірістер органдары (бұдан әрі - МКО) этил спирті мен алкоголь өнімін (сыра мен сыра сусынынан басқа), бензинді (авиациялықтан бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішті, жеңіл көмірсутектер қоспасын, экологиялық отын мен темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздік бекеттер орнатады.
2-тарау. Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тәртібі