Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 және «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2023.19.01. берілген өзгерістермен)
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сот жюриі туралы ереже осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) ҚР Президентінің 2023.19.01. № 106 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2016 жылғы ақпанның 22-і.
№ 201
Қазақстан Республикасы Президентінің
2016 жылғы 22 ақпандағы
№ 201 Жарлығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің
2001 жылғы 26 маусымдағы
№ 643 Жарлығымен
бекітілген
Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы
ереже
1. Жалпы ережелер