Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 шешімі
(2018.11.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 19 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабының 2-3 - тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Атбасар аудандық маслихатының кейбір шешімдері қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы | Борұмбаев Б.А. |
| Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы | Садуәқасов М.Н. |
«КЕЛІСІЛДІ»
| Атбасар аудан әкімінің міндетін атқарушы | А.В.Чириков |
22 ақпан 2017 жыл
Атбасар аудандық маслихатының
2017 жылғы 22 ақпандағы
№ 6С 9/10 шешімімен
бекітілген
Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары