Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023 жылғы 15 тамыздағы № 5 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 152 бірлескен бұйрығы
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 2 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 26 маусымдағы № 43 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 5-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты тексеру парағы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі | А. Куантыров |