«Ақтау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 1293 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 11-07-1047 Қаулысы
Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақтау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 1293 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4264 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақтау қаласының әкімі | А. Байпаков |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Маңғыстау облысының полиция департаменті
Ақтау қаласының полиция басқармасы»
мемлекеттік мекемесі
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Маңғыстау облысының
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаменті Ақтау қалалық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесі
Ақтау қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 11 сәуірдегі
№ 11-07-1047 қаулысына
қосымша
Ақтау қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 28 шілдедегі
№1293 қаулысына
1-қосымша
Ақтау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
| № | Орналасқан орны | Алып жатқан алаңы (шаршы метр) | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл) | Қызмет саласы | Жақын маңдағы инфрақұрылым (тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) |
| 1 | 3 шағын аудан, № 140 үйдің сол жағы | 12 | 5 | Азық-түлік тауарларын сату (жемістер мен көкөністер) | «Garden» кафесі |
| 2 | 3Б шағын аудан, «Хаким» бизнес орталығына қарама-қарсы | 36 | 5 | Азық-түлік тауарларын сату (жемістер мен көкөністер) | «Автобар» кафесі |