Қазақстан Республикасының ересек халқына гематологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы және «Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау, донордан реципиентке трансплантаттау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-207/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-130 бұйрығы
(2025.01.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 17 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолдынысқа енгізілді)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025.17.11. № 144 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ересек халқына гематологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. «Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау, донордан реципиентке трансплантаттау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-207/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21683 болып тіркелген) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау, донордан реципиентке трансплантаттау қағидалары мен шарттарының:
2-тармағы мынадай мазмұнда жазылсын:
Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) ағза - белгілі бір функцияны орындайтын организмнің бөлігі;