Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 63 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабына және 143-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға қатысты тексеру парағы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға қатысты тексеру парағы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі | А. Куантыров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 12 мамырдағы
№ 63 бұйрығына
1-қосымша
Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер