Коллекторлық агенттік есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 112 Қаулысы
(2022.28.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 Қаулысын қараңыз
«Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2022.28.02. № 14 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес коллекторлық агенттік есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жұмыс істеуге қабылданған берешектің құрылымы туралы есептің нысаны (берешекті сотқа дейін өндіріп алу туралы шарт бойынша);
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес иеленген берешектің құрылымы туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес қабылданған қарыздар, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жарғылық капитал туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес Коллекторлық агенттіктің есептілікті табыс ету қағидалары бекітілсін.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2021.22.02. № 11 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)