2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25-3 шешімі
Осы редакция 2025 жылғы 14 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне cәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 88 332 188 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 35 405 640 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 600 000 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 17 882 873 мың теңге;
трансферттер түсімі - 34 443 675 мың теңге;
2) шығындар - 71 359 315 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 16 972 873 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 16 972 873 мың мың теңге»:
қарыздар түсімі - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 16 972 873 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Тараз қалалық мәслихатының төрағасы | К. Олжабай |
Тараз қалалық мәслихатының
2024 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 25-3 шешіміне
1-қосымша
Тараз қаласының 2025 жылға арналған бюджеті
| Санаты | | | Сомасы, мың теңге |
| | Сыныбы |
| | | Iшкi сыныбы |
| | | | Атауы |
| 1 | 2 | 3 |
| | | | І. КІРІСТЕР | 88 332 188 |
| 1 | | | САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР | 35 405 640 |
| | 01 | | Табыс салығы | 16 993 000 |
| | | 1 | Корпоративтік табыс салығы | 6 600 000 |
| | | 2 | Жеке табыс салығы | 10 393 000 |