Жер қойнауы ресурстары залалын экономикалық бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 457 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 274 бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жер қойнауы ресурстары залалын экономикалық бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі | Н. Ногаев |
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы | К. Ускенбаев |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Экология,
Геология және табиғи ресурстар
министрлігі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 20 тамыздағы № 457
және Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2021 жылғы 23 тамыздағы № 274
бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Жер қойнауы ресурстары залалын экономикалық
бағалау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер