Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 Қаулысы
(2016.26.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасын индустриялық инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісім бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) Іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы ақпаратты «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен берсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2016.26.12. № 854 Қаулысымен іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 1159 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың
2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары