Цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтер сауда платформасы операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 37 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтер сауда платформасы операторларының қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
2026 жылғы 12 шілдеге дейін:
Қағидалардың 1-тармағы 7) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының цифрлық платформаларына қолданылатын ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар;»;