Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету қағидаларын және Байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 128/қе бұйрығы
Қазақстан Республикасы «Байланыс туралы» Заңының 15-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен (бұдан әрі Ережелер) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қамтамасыз ету қағидалары;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптар.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрықтың 2025 жылғы 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3-тарауын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы | Е. Сагимбаев |
«КЕЛІСІЛГЕН»