«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 928 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 41 бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2026 жылғы 19 маусымдағы № 229 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 928 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12441 болып тіркелген, «Әілет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы»;
1 тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған мынадай нысандар:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрттер және адам өлімі туралы жалпы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрттер ретінде есепке алуға жатпайтын жану жағдайлары туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;