«Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 395 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1029 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 395 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орталық атқарушы органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері:
1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жыл сайын 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 - 2021 жылдарға арналған кешенді жоспар осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1029 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 маусымдағы
№ 395 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған
кешенді жоспар
Р/с № | Іс-шаралардың атауы | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Өткізу мерзімдері | Болжамды шығыстар, мың теңге | Қаржыландыру көзі |
2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | Барлығы | |