«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, құрамдастырылған материалдардан жасалған ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізуіне байланысты шығыстарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 470 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 204 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, құрамдастырылған материалдардан жасалған ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізуіне байланысты шығыстарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 470 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25210 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қаптау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамаларды, аралас материалдардан жасалған қаптамаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізуіне байланысты шығыстарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге өтеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: