«Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2022 жылғы 9 тамыздағы № 12 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1.«Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19953 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақтың 39 және 40 - тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«39) «Ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерінің бағасын тіркеуге арналған деректерді енгізудің электрондық нысаны» (индексі Ц-200э, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 39 - қосымшаға сәйкес;
40) «Ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерінің бағасын тіркеуге арналған деректерді енгізудің электрондық нысаны» (индексі Ц-200э, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 40 - қосымшаға сәйкес;»;
31, 32, 39, 40 - қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.