Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 50/4 «2021-2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 3/6 шешімі
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 32/4 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2021-2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы№ 50/4 шешіміне (2021 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланды, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6840 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат сессиясының төрағасы | Б. Жалгасбаев |
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы | В. Бубенко |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының
2021 жылғы 17 наурыздағы
№ 3/6 шешіміне
қосымша
2021-2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының
тізбесі
| р/с № | Қатынастар |
| Аққайың ауданы |
| Ауылдық қатынас |