Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығы
(2023.20.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023.14.04. № 72 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 42) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар және мамандандырулар номенклатурасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.