«Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 38 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 94 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Републикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 38 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі жалпы сипаттағы нысаналы және нысаналы емес трансферттердің сомасы ретінде айқындалады, мынадай формула бойынша есептеледі:
ЖСТi= ЖСТнi +ЖСТнеi, мұндағы:
ЖСТі - i-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жалпы сипаттағы трансферттері;
ЖСТнi - і-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жалпы сипаттағы нысаналы трансферттері;
ЖСТнеі - і-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жалпы сипаттағы нысаналы емес трансферттері»;
13-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ӘЭДБ-ның мұнайға қатысты емес секторының жалпы қосылған құн (бұдан әрі - ЖҚҚ) көлемінің негізінде республикалық бюджет пен астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау үшін мынадай формула бойынша:»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Жалпы сипаттағы нысаналы трансферттердің көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
ЖСТнi= (АНТқi- АНТкері) +АНТжi, мұндағы: