Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 18-03/390 бұйрығына
6-қосымша
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 286 бұйрығымен күші жойылды
«Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.22.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.22.04. № 166 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.22.04. № 166 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.22.04. № 166 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.22.04. № 166 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 2 (екі) жұмыс күні.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.22.04. № 166 бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған);
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.22.04. № 166 бұйрығымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама.