Сандықтау ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы
Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № А-5/105 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы 1 тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Сандықтау ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Сандықтау ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру маршруттары айқындалсын және бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Жылқыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сандықтау ауданының әкімі | Е. Жусупбеков |
Сандықтау ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 19 мамырдағы
№ А-5/105 қаулысына
1-қосымша
Сандықтау ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
| № | Орналасқан орны | Алатын алаңы, шаршы метр | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі | Қызмет саласы |
| 1 | Балкашино ауылы, Абылай-Хан көшесі, 120 ғимараттан 122 ғимаратқа дейін | 3 м2-ден 10 орын | 5 жыл | Азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар |
| 2 | Балкашино ауылы, Абай көшесі, 215 | 6 м2-ден 1 орын | 5 жыл | Азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар |
| 3 | Балкашино ауылы, Ағайынды Айсиндер көшесі, 115 А | 6 м2-ден 3 орын | 5 жыл | Азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар |
| 4 | Балкашин ауылдық округі, Көкшетау - Атбасар трассасы оң жақтан 105 шақырым | 2 м2-ден 6 орын | 5 жыл | Азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар |