Введите номер документа
Прайс-лист

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 427 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 13 июля 2017
Статус
Утратил силу
утратил силу с 11 августа 2023

 «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 427 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 620 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 41-42, 307-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгіленген тәртiппен республикалық бюджеттен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарына ақшалай сыйлық төлеуге қаражат көздесін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы 13 шілдедегі

№ 427 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 28 шілдедегі

№ 597 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру

қағидалары

 

1. Осы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін айқындайды.

2. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі - сыйлық) жемiстi ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын осы қаулымен бекітілген номинациялар бойынша беріледі.

3. Сыйлықтың ақшалай мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын белгiлейдi.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом