«Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 11 наурыздағы № 102-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18507 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесін жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесін жүргізу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы | К. Искаков |
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және