Босалқы жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлеріне ауыстыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 54 Қаулысы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – мекеме) Алматы қаласы Медеу ауданының аумағындағы жалпы алаңы 1002,0 гектар жер учаскелері тұрақты жер пайдалануға берілсін.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мекеменің жер учаскелері босалқы жер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар «мемлекеттік ұлттық парктердің ормандары» мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын.
3. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде: