Жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 130 бұйрығы
Осы редакция 2017 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүру қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және жол қатынасы комитеті (Н.И. Қилыбай) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 11 наурыздағы
№ 130 бұйрығымен бекітілген
Жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүру
қағидасы
1. Осы Жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы заңына сәйкес әзірленген және жылжымалы құрамды тіркеу және оның жолаушылар поезының құрамында жүру тәртібін және шарттарын анықтайды.
2. Халықаралық және республикаішілік қатынастарда жолаушылар поездарына қызметтік-техникалық бағыттағы тұтас металды емес вагондарды тіркеуге рұқсат етіледі.
Жалға алынған вагон-мейрамханалар және қызметтік-техникалық вагондарды тіркеуі және бағытпен жүруі келісім негізінде іске асырылады.