2026 жылға мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 126 Қаулысы
(2026.22.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 141-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2026 жылға мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
ҚР Үкіметінің 2026.22.06. № 533 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2026.22.06. № 534 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2026 жылғы 26 ақпандағы
№ 126 қаулысымен
бекітілген
2026 жылға мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың
тізбесі
| Р/с № | Жобаның атауы | Жобаның жалпы құны | Іске асыру кезеңі (жылдар) | Мемлекеттік кепілдіктің мөлшері | Қарыз алушы | Әлеуетті қарыз беруші |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1. | Қарағанды қаласындағы аэрация станциясының кәріздік тазарту құрылысжайларын реконструкциялау | 56263704200 теңге | 2026 - 2040 жылдар | 50289331600 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы) | «Қарағанды Cу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Еуропа Қайта Құру және Даму банкі |
| 2. | Инклюзивті және жасыл тұрғын үйді қаржыландыруға жәрдемдесу | 90000000000 теңге | 2026 - 2045 жылдар | 90000000000 теңгеге дейін | «Отбасы Банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы | Азия Даму Банкі |
| 3. | Б. Қонысбаев атындағы өткізу пункті арқылы Өзбекстан Республикасына шығатын Сарыағаш | 237396000000 теңге | 2026 - 2049 жылдар | 201786600000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы) | «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы | Азия Даму Банкі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| қаласының айналма жолын салу | | | | | |