Аягөз ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 қазандағы № 16/296-VIII шешімі
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аягөз ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аягөз аудандық мәслихат төрағасы | А. Ибрайшин |
Аягөз аудандық мәслихатының
2024 жылғы 11 қазандағы
№16/296-VIII шешіміне
қосымша
Аягөз ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
| № | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілерінің түрлері | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
| 1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,63 1,82 |
| 2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,18 |
| 3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,82 |
| 4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,42 |
| 5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,16 |
| 6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,00053 |
| 7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,36 |