Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 252/НҚ бұйрығы
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 537 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 141-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, саланы/аяны дамыту тұжырымдамасын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесінің 59-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі | Б. Мусин |
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2022 жылғы 20 шілдедегі
№ 252/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму
жоспарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін
есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер