«Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 127-ө өкіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 48-ө өкімі
«Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 127-ө өкіміне келесі толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды үйлестіру;
11) мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту;
12) азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу;
13) қорғанысты көлікпен қамтамасыз ету;
14) аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету.»;
көрсетілген өкіммен құрылған Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
| Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 20 наурыздағы
№ 48-ө өкіміне қосымша