Органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етiлген құралдар тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 231 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 21 тамыздағы № 284 бұйрығымен күші жойылды
«Органикалық өнім өндіру туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етiлген құралдар тізімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мырзахметов |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 30 мамыр
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 23 мамырдағы
№ 231 бұйрығымен
бекітілген
Органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етiлген
құралдар тізімі
1-тарау. Тыңайтқыштар мен топырақты жақсартатын заттар