Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне ондағы қызметі жыл сайынғы демалысқа қосымша он тәулік беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 31 тамыздағы № 105-қе бұйрығы
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне ондағы қызметі жыл сайынғы демалысқа қосымша он тәулік беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі:
1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау қызметтің тиісті бағытына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Комитет Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты | Е. Сағымбаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 105-қе бұйрығымен
бекітілген