Туристендіру картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 332 бұйрығы
(2023.18.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған туристендіру картасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі | А. Раимкулова |
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023.31.08. № 241 бұйрығымен карта жаңа редакцияда (2023 ж. 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 27 қазандағы
№ 332 бұйрықпен бекітілген
Туристендіру картасы
| № п/п | Республикалық деңгейдегі туристік аумақтардың атауы |
| 1. | Абай облысының «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
| 2. | Абай облысының Алакөл көлінің жағалауы |
| 3. | Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағы |
| 4. | Ақмола облысының Зеренді курорттық аймағы |
| 5. | Қонаев қаласын қоса алғанда, Алматы облысының Қапшағай су қоймасының жағалауы |