Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 шілдедегі № 638 Қаулысы
«Цифрлық активтер индустриясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 439 қбп қаулысының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 18 шілдедегі
№ 638 қаулысымен
бекітілген
Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Цифрлық активтер индустриясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 439 қбп қаулысының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) «Астана Хаб» дербес кластерлік қоры - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларды орындайтын коммерциялық емес ұйым;
2) ұлттық стратегиялық крипторезерв - цифрлық активтерге, базалық активі цифрлық активтер болып табылатын туынды қаржы құралдарына, сондай-ақ цифрлық активтерді дамытатын және (немесе) соларға инвестициялайтын компаниялардың акциялары мен үлестеріне инвестицияларды жүзеге асыру үшін құрылған қор;