«Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидаларын және Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссияның жұмыс қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 379 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 206 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидаларын және Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссияның жұмыс қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 379 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17080 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 205-бабының 8-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.